Төтенше жағдайлар министрлігі өскелең ұрпаққа өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету мақсатында еліміздің барлық оқушылары үшін Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күнін өткізді. Профилактикалық жұмыстармен 100 мыңнан астам оқушы және 3 мыңнан астам мектеп қамтылды.
Акция шеңберінде оқушыларға, педагогтар мен ата-аналарға өрт қауіпсіздігінің негізгі аспектілерін қамтитын дәрістер мен нұсқамалар ұйымдастырылды. Zoom платформасы арқылы интерактивті сабақтар мен онлайн сабақтар өткізілді, онда қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелері, сондай-ақ өртке байланысты қауіптер туралы хабардарлықты арттыруға мүмкіндік беретін тестілік онлайн-сауалнамалар көрсетілді.
Бұдан басқа өрт сөндіру құралдары мен көрнекі материалдардың көрмелері, мектеп ғимараттарынан эвакуациялау бойынша жаттығулар ұйымдастырылды. Акцияға министрлік қызметкерлерінен басқа өңірлік білім басқармалары, жұртшылық және БАҚ қатысты.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрт туындаған кездегі сақтық шаралары туралы халықтың қауіпсіздігі мен хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.