Қазақстандық құтқарушылар Әзербайжан Республикасы ТЖ министрінің бұйрығымен марапатталды

Қазақстандық құтқарушылар Әзербайжан Республикасы ТЖ министрінің бұйрығымен марапатталды

  Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Гейдаровтың бұйрығына сәйкес қазақстандық құтқарушылар «Әзербайжан әуе жолдары» ұшақ апатының салдарын жойғаны және құтқару операциясына қатысқаны үшін «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісімен марапатталды.

  Марапаттарды Ақтау қаласында Әзербайжан Республикасының Бас консулы Айхан Сүлейманлы табыстады.

  Қазақстан ТЖМ-ның наградталған қызметкерлері:

- Сейталин Азамат Серікұлы

- Аминов Тимур Владимирович

- Айдаров Қани Манапұлы

- Қараев Саясат Мұсаұлы

- Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы

- Күлханов Азымбек Шындәулетұлы

- Күзембаев Ербол Ахметұлы

- Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы

- Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы

- Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы

  Бұл марапат Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы төтенше жағдайлар саласындағы берік ынтымақтастықты білдіреді.