Ақпан айында біздің спортшыларымыз ірі турнирлерге қатысады.
20 ақпанда Қостанай қаласында көптен күткен «NAIZA 71» турнирі өтеді, онда біздің Маңғыстау облысы ТЖД спортшымыз Серікбай Ходжабаев 77 кг салмақ дәрежесінде чемпион атағы үшін басты жекпе-жекке шығады.
25-28 ақпан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы бойынша қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтеді, мұнда ТЖМ командасы Түркияда өтетін әлем чемпионатына жолдама үшін сайысатын болады.
28 ақпанда Орал қаласында «ALASH PRIDE FC 106» турнирі өтеді, онда ТЖМ «BATYR TEAM ORAL» клубының ең мықты келесі өкілдері рингке шығады. Бұл Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері Досбол Елеген және Ерхан Жұмабаев, ТЖМ «Резерв» РМК жетекші мамандары Әліби Пернебек және Аслан Искандеров.
Спортшыларымызға алдағы барлық жарыстарда табыс тілейміз, олар біздің ведомствоны спорт аренасында лайықты көрсететініне сенімдіміз!