«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

  2025 жылғы 6 ақпанда еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі басталды. 

  Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.

  Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасты. Оқу-жаттығудың басшысы Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор К.А. Тұрсынбаев.

  Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі.

  Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2025 жылғы 6 ақпанда, сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.