ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 02 қаңтар Астана уақытымен 17 сағат 13 мин жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 192 км жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы (баллмен): Алматы облысының Шонжы ауылы, Көкпек ауылы, Шелек ауылы; Жетісу облысының Талдықорған қаласы, Текелі қаласы, Жаркент қаласы, Сарыөзек ауылы, - 2 балл. Эпицентр Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылынан 18 км жерде орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.