Атырау облысында су тасқынан қарсы іс-шаралар үздіксіз жүргізілуде

Атырау облысында су тасқынан қарсы іс-шаралар үздіксіз жүргізілуде

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында ағымдағы жылдың 4 сәуірінен бастап төтенше жағдай жарияланды.

Қазіргі таңда  1210  тұрғын үй су астында. Су тасқыны басталғаннан бері Жем өзінің деңгейінің төмендеуіне байланысты 1710 жеке тұрғын  үйден және басқа да  нысандардан су тартылды. Аталған жұмыстардың жүруіне 3000-нан астам  адам, 120 бірлік техника, 5 жүзу құралы, 122 су сору құрылғылары жұмылдырылды.

Аталған күннен бастап 36 738 тұрғын оның ішінде 8392 бала эвакуацияланды. ТЖД күштерімен 13 мыңнан астам бас мал қауіпсіз жерге айдалды.

Жоғарыда жасалған жұмыстармен қатар, тәулік бойы департаментте «Қауырт желі» арқылы 259  қоңырау қабылданды.

Жалпы Жылыой ауданында су тасқыны орын алғаннан бері 1 817 000  текше метрден астам су сорылды.

Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Жағдай қатаң бақылауда.

Атырау қаласында, Индер ауданы мен Махамбет ауданында  Жайық өзені бойындағы ықшам аудандарда су тасқынынан қорғау мақсатында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Атырау қаласында Жайық өзеніндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға ЖАО, ТЖМ, ІІМ, ҚМ, Ұлттық Ұлан, еріктілер мен тұрғындардан барлығы 7000-ға жуық адам, 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Бүгінгі күнге дейін топырақ толытырған қап төселіп, 239,7 км  бөгеттер соғылды.

Қаптарды төсеу және қорғаныс бөгеттерін салу бойынша іс-шаралар жалғасуда.

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы