Құтқару саласының қаһарманы!

Құтқару саласының қаһарманы!

Қиын сәтте тәуекелге барған, сын сағатта батыл әрекет еткен, жедел әрекетімен адам өмірінің сақталуына үлес қосқан, Елордалық құтқарушы Олжас Рахметов.

Құтқарушы Олжас Елордалық ТЖД жедел-құтқару жасағына 2015 жылдан бастап қызмет етеді.

Олжас осы салаға келгеніне көп болмасада адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтауда, төтенше оқиғаның алдын алуда аянбай еңбек етіп, қырағылық танытып жүрген батыр. Қызмет атқару барысында 2023 жылы Түркия елінде орын алған жер сілкінісі зардаптарын жою жұмыстарын жүргізген және осы жылы сәуір айында Қостанай облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіп, оны сәтті аяқтап, қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында су апатына қарсы күрес жүргізуде. 

Олжас 1994 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Өзін ешқашан құтқарушы боламын деп елестетіп көрмеген ол, бұл мамандық иесі атанғанына еш өкінбейді.

«Мен ешқашан құтқарушы боламын деп ойламадым. Бірақ бұл салаға мені өмірдің өзі әкелді. Адамдардың өмірін құтқару жұмыстарын жүргізу менің борышым, мен абыройлы мамандық таңдағаныма еш өкінбеймін. Күшіміз бірлікте», - деп атап өтті Олжас.

Төтенше жағдайға тосқауыл қойып, тұрғындар өмірі мен мүліктердің, жануарларды құтқаруда ерен еңбек сіңіріп жүрген әр қызметкердің жұмысы – ерлікпен пара-пар.

Құтқарушылар табиғи және техногендік жағдайларда тұрғындарға келуге кез-келген уақытта саққадай сай!

 

Астана қ ТЖД баспасөз қызметі