Өз ісінің білгірі

Өз ісінің білгірі

Тәжірибелі мамандардың арқасында кез-келген сала дамып отырады. Өз ісінің білгірі атанған аға буын қызметкерлер жас мамандарға қашан да үлгі болары хақ.

Ақтөбе қаласы №5 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау кіші сержанты Жұмабек Жанкараев азаматтық қорғау органдарында 2006 жылдан бастап қызмет етеді.  

Қызмет атқарған кезеңінен бастап көптеген төтенше жағдайларға қатысып, адамдардың өмірі мен мал мүлкін құтқаруда еңбектері көп.

Ол қызметін бәрінен жоғары қояды. Халықты төтенше жағдайдың алдын алуға, қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады.

Құтқарушы Жұмабекте су тасқыны кезінде Қарғалы ауданындағы бау-бақша ұжымдарындағы адамдарды эвакуациялап, қауіпсіз аймаққа көшірді.

Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова әуежайы ұшу алаңында су тасқыны кезінде көп мөлшерде су жиналды.

Қауіптің алдын алуға бірнеше құтқарушылар жұмылдырылды. Жұмабек су сору жұмыстарына белсене қатысып, қауіптің бетін қайтаруға ат салысты.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарда қызмет атқаруда. Орал қаласы, Бәйтерек ауданы Даринский ауылында өзге де құтқарушылармен бірге бөгетті салу және нығайту жұмыстарын атқаруда.

Жұмабек өз ісін жақсы көретін білікті маман, отбасында 5 баланың қамқор әкесі, сүйікті жар.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы