ТЖ бөлімінің бастығы 30-дан астам адамды эвакуациялады

ТЖ бөлімінің бастығы 30-дан астам адамды эвакуациялады

Астрахан ауданы ТЖБ бастығы Аят Сералиев Астрахан ауданында, атап айтқанда Старый Колутон ауылында су тасқынына қарсы жұмыстарды және адамдарды эвакуациялау жұмыстарын басқарды.

Аят Сералиев 32 адамды, оның ішінде 1 мүмкіндігі шектеулі адамды жеке өзі эвакуациялаған. Біздің кейіпкеріміз науқас әйелді қайықпен жедел жәрдем көлігіне эвакуациялаумен ерекшеленді. Қазіргі уақытта әйелдің денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Адамдардан басқа, құтқарушы 10 бұзау мен 40-тан астам қойды арнайы мал ұстайтын жерлерге жеткізген.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі