«Семей орманы» аумағындағы ірі орман өртін сөндіруге қатысқан ТЖМ қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Алексей Штыкель Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
«Ерлігі үшін» медалімен өртті сөндіруге қатысқан тоғыз қызметкер марапатталды:
- Еркебұлан Қабдұлсаметов, Семей қаласы басқармасы №5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
- Ердаут Сүйекпаев, Семей қаласы басқармасы №2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобилін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушысы;
- Мадияр Омаров, Семей қаласы басқармасы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
- Асхат Төкенов, Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы;
- Айқын Қуанғанов, Бородулиха ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №12 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері;
- Саид Амирханов, Семей қаласы басқармасы №2 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
- Қайрат Төлеуғазин, Бородулиха ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы;
- Ерасыл Бекен, Бородулиха ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №19 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
- Сергей Пинигин, «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 әуе кемесінің командирі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен тоғыз қызметкер марапатталды. Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің тағы бес қызметкеріне облыс әкімінің Алғысы берілді. Марапаттарды Абай облысының әкімі Берік Уәли табыстады.
Марапатталғандар бір операцияның әртүрлі бағыттарында қызмет атқарды: өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері, жедел басқару, аудандық бөлімшелер және ТЖМ авиациясы. Шілде айында «Семей орманы» аумағында болған өрт кезінде олар өзге де қызметтермен бірге орман алқабындағы өртті сөндіруге және елді мекендерді оттың таралуынан қорғауға қатысты.
19 қазан күні Қазақстанда Құтқарушылар күні атап өтіледі. Кәсіби мереке қарсаңында өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлерді марапаттау төтенше жағдай кезінде қызмет атқаратын, күн сайын адам өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауап беретін мамандардың ерлігі мен кәсібилігіне берілген баға болды.