
Абай облысының Абай ауданындағы Саржал ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жаңа ерікті өртке қарсы бекет салынып, пайдалануға берілді.
Саржал ауылында 372 тұрғын үй бар, онда шамамен 1 600 адам тұрады. Сонымен қатар ауылда 80-ге жуық шаруа қожалығы тіркелген.
Жаңа бекет заманауи өрт сөндіру техникасымен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бекетте қызмет атқаруға қажетті барлық жағдай жасалған. Мұнда Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары, өрт-техникалық жарақтар мен жауынгерлік киім-кешек бар. Жеке құрамның тәулік бойы кезекшілік атқарып, өрттерге жедел ден қоюы үшін қажетті жағдайлар қарастырылған. Бекетте қызмет атқаратын еріктілер Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы даярлықтан өтті.
«Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылуы ауылдық жердегі өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, өрттер мен төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, Саржал ауылы мен оған іргелес аумақтар тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.