6 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған Азаматтық қорғау кафедрасы түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары, генерал-майор Кеген Тұрсынбаев, Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығы, Азаматтық қорғау кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, ардагерлер және шақырылған қонақтар қатысты.
Салтанатты рәсім барысында оқуын табысты аяқтап, кәсіби даярлығының жоғары деңгейін дәлелдеген Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінің офицерлеріне дипломдар табысталды. Атап айтқанда, подполковник Теміржан Таңжановқа, подполковник Бекболат Бұғабаевқа, майор Асет Жанабаевқа, майор Жақсылық Әшімге, капитан Нұрбол Төлегеновке және майор Әділ Сарсимовқа дипломдар тапсырылды.
Түлектерге арнаған сөзінде генерал-майор Кеген Тұрсынбаев оларды оқуын аяқтауымен құттықтап, кәсіби құзыреттерді одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, азаматтық қорғау жүйесі мен төтенше жағдайлардың алдын алу саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлаудың ерекше мәніне тоқталды.
Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптер терең білімі, көшбасшылық қасиеттері және төтенше жағдайлар жағдайында тиімді әрекет ету қабілеті бар мамандардың болуын талап етеді. Дәл осындай құзыреттер түлектердің оқу процесі барысында қалыптасты. Оқуды аяқтау түлектердің кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең болды, енді олар алған білімдері мен дағдыларын Қазақстан Республикасының азаматтары мен аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауда қолданатын болады.