ТЖ министрлігінде қысқы кезең бойынша баспасөз конференциясы өтті

ТЖ министрлігінде қысқы кезең бойынша баспасөз конференциясы өтті

  Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында «Қыс мезгіліндегі авариялық-құтқару жұмыстары. Жылыту маусымының өту барысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

  Спикер болып ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Жәнібек Кәрімбаев, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев сөз сөйледі.

  Жәнібек Кәрімбаевтың айтуынша, ауа райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары өткен үш тәулік ішінде (2026 жылғы 11–13 наурыз аралығы) қар құрсауында қалған 1000-нан астам адамды, оның ішінде 57 баланы құтқарып, эвакуациялады сондай-ақ 300 автокөлікті  шығарды.

   Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.

  ТЖМ еске салады: елді мекендерден шықпас бұрын ауа райы жағдайлары мен автожолдардың жай-күйін ескеру қажет. Ауа-райы нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше ұзақ сапарлардан бас тарту және қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.

  Спикер Руслан Қайрақбаев жылыту кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету ТЖМ-ның басым міндеттерінің бірі екенін хабарлады. Қысқы суық кезеңде жылыту жүйелері белсенді пайдаланылатындықтан, өрт шығу қаупі арта түседі.

  Көбінесе өрттің шығуына электр жылытқыштарының, қазандықтардың, пештердің және басқа да жылыту құрылғыларының ақаулығы себеп болады. Осыны ескере отырып, ТЖМ жыл сайын жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізеді.

  «Өрт қауіпсіздігінің бірыңғай күні», «Оттан сақ бол», «Қауіпсіз пеш» сияқты түрлі профилактикалық акциялар өткізіледі. Жылыту маусымы басталғалы бері де ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

  Аула аралау жұмыстары барысында 1,3 млн-нан астам тұрғын үй қамтылды. Кездесулер барысында мамандар өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын түсіндіріп, пешпен жылыту жүйелері мен электр желілерін қауіпсіз пайдалану ережелерін жеткізеді.

  Сонымен қатар тұрғындардың өтініші бойынша пеш жабдықтары мен электр сымдарының жай-күйіне визуалды тексеру жүргізіледі. Қауіпті болуы мүмкін бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтарға оларды жою бойынша ұсынымдар беріледі.

  Профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде 110 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестікке келтірілді. Халықтың әлеуметтік осал санатына жататын отбасыларға ерекше назар аударылады.

  Әкімдіктермен және волонтерлік ұйымдарымен бірлесіп, тұрғын үйлердің қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша атаулы жұмыс көрсетілуде. 5 мыңнан астам үйде пешпен жылыту жүйелері қалпына келтіріліп, дұрыс жұмыс істейтін жағдайға келтірілді. Сонымен қатар тұрғын үйді қауіпсіз күйге келтіруге мұқтаж отбасыларға практикалық көмек көрсетіледі.

  12,5 мыңнан астам мұржа тазартылды. Сонымен қатар 2,5 мыңнан астам үйде электр желілерін жөндеу және ретке келтіру жұмыстары атқарылды.

  Профилактиканың маңызды бағыттарының бірі үйлерді газ бен жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтайтын датчиктермен жабдықтау болып қала береді. Қазіргі таңда 48 мыңнан астам осындай датчик орнатылды.

  Практика олардың жоғары тиімділігін көрсетеді. 2019 жылдан 2024 жылға дейінгі жылыту маусымдарында датчиктердің уақытылы әрекет етуінің арқасында трагедиялық салдарларды болдырмауға және 280 адамды құтқаруға мүмкіндік берді.

  Қазіргі заманғы профилактика әдістері енгізілуде, оның ішінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы QR-кодтар пайдаланылады. Адамдар көп жиналатын жерлерде LED-экрандар белсенді қолданылып, онда оқытушы бейнероликтер көрсетіледі.

  Әсіресе #Өзіңненбаста атты республикалық өрт қауіпсіздігі челленджі кең таралған, оны отандық спорт және шоу-бизнес өкілдері қолдады.

  Қосымша бағыт ретінде ТЖМ бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы енгізілді. Бағдарламаның мақсаты ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру. Осы бастаманың аясында қажетті құрал-жабдықтар мен байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген 160 ерікті өрт сөндіру пункті құрылды.

 Жалпы қабылданған шаралардың кешені оң динамикаға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Жылыту маусымы басталғалы бері 2 864 өрт тіркелді. Бұл 3 174 жағдай тіркелген өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға аз.

  Жылыту маусымы әлі де жалғасып жатыр. Осыған байланысты ТЖМ жылыту кезеңі бойы профилактикалық іс-шараларды жүргізуді жалғастыра береді.

  Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз:

  Жылытқыш құралдардың жанында жанғыш заттарды сақтамаңыз.

  Киім-кешек пен басқа заттарды пештің үстінде құрғатпаңыз.

  Мұржаларды тазалаңыз, пештерді тым қатты қыздырмаңыз.

  Балаларға ашық отпен ойнауға мүмкіндік бермеңіз.

  Кішкентай балаларды қараусыз үйде қалдырмаңыз.

  Электр құрылғылары мен желілерінің дұрыс жұмысын қадағалаңыз.

  Тек дұрыс жұмыс істейтін жылыту және электр жабдықтарын пайдаланыңыз.

  Бір уақытта бірнеше жоғары қуатты құрылғыны қоспаңыз, электр желісін артық

жүктемеңіз.

  Мұржаларды күйіктен тазалаңыз.