Құтқарушылар Көкшетауда балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Құтқарушылар Көкшетауда балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

  Ақмола облысында «30 игі іс» акциясы жалғасуда. Осы шара аясында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Көкшетау қаласындағы балаларға арналған психоневрологиялық мекеме тәрбиеленушілері үшін ұмытылмас мереке ұйымдастырды.

  Балалар жедел-құтқару жасағының станциясына барып, күн сайын адам өмірін құтқаратын техниканы өз көздерімен көрді. Бірақ олар үшін квадроциклдерге, жол талғамайтын көліктерге және «Марлин» катеріне мініп серуендеу ең қуанышты сәт болды. Қызметтік иттермен өнер көрсеткен кинологтардың көрсетілімдері мен сүңгуірлердің әсерлі жұмысы да балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.

  Ұйымдастырушылар балаларға футбол доптары, велосипед және жылытқыш сияқты сыйлықтар дайындады. Алайда балалар үшін ең қымбат сый құтқарушылардың көрсеткен қамқорлығы мен мейірімі болды.

  Қазақстан ТЖМ «30 игі іс» акциясы жалғасуда. Бұл алда әлі талай мерекелер, жаңа кездесулер мен балалардың қуанышқа толы жарқын сәттері бар деген сөз.