Анонс: «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

Анонс: «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

  2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

  Бұл іс-шара басқару органдарының, азаматтық қорғау аумақтық кіші жүйесі күштері мен құралдарының табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

  Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару республикалық штабы Павлодар облысында орналасатын болады.

  Трансшекаралық аумақта табиғи өрттерді сөндіруге ден қоюды пысықтау үшін Ресей ТЖМ күштері мен құралдары тартылатын болады.

  Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2025 жылғы 22 мамырда сағат 09.00-де «Баршаның назарына!» еліміздің түкпір-түкпірінде барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Осыған байланысты тыныштықты сақтап, дүрбелең мен қауесетке берілмеуіңізді сұраймыз.