Ұлттық экономика министрлігінде терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша оқыту семинары өтті

Ұлттық экономика министрлігінде терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша оқыту семинары өтті

Терроризмге қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Астана қаласының Полиция департаментімен бірлесіп ҰЭМ қызметкерлері үшін оқыту семинарын ұйымдастырды.

Тыңдаушыларға қазіргі терроризм, оның көріністері, салдары және оған қалай қарсы тұру керектігі туралы айтылды.

Аудиторияның назары террористік тұрғыдан осал объектілердің және террористік қауіптің ықтимал көздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылды.

Сонымен қатар іс-шара бағдарламасында эвакуация әрекеттері туралы нұсқаулық та болды.