Астанада 2021-2025 жылдарға арналған орнықты даму мақсатында БҰҰ ынтымақтастығының негіздемелік бағдарламасы үйлестіру комитетінің жыл сайынғы кезекті отырысы өтті

Астанада 2021-2025 жылдарға арналған орнықты даму мақсатында БҰҰ ынтымақтастығының негіздемелік бағдарламасы үйлестіру комитетінің жыл сайынғы кезекті отырысы өтті

Шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен агенттіктердің, Қазақстандағы БҰҰ бағдарламаларының, академиялық орта мен азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.

ҚР ҰЭМ Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова өз сөзінде Үкіметтің ОДМ-ын (орнықты даму мақсаттары) ұлттық және өңірлік деңгейде ілгерілету бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Бұған қоса, департамент директоры халықаралық серіктестермен тиімді өзара әрекеттестіктің маңыздылығын атап өтті. ОДМ ұлттық индикаторларын өзектендіру әрі оларды мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына имплементациялау, оның ішінде жергілікті деңгейде оқшаулау туралы да айтты.

Жиын барысында қатысушылар тұлғалық даму, инклюзивті экономикалық өсу әрі экологиялық тұрақтылық, адам құқықтары мен гендерлік теңдік мәселелерін қозғады.