Үкіметте моноқалаларды дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте моноқалаларды дамыту мәселелері қаралды

Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров моноқалаларды дамытудың тәсілдері туралы баяндады.

Нұрлан Байбазаров атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда 20 моноқала бар. 1,4 млн адам тұратын қалаларда 23 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді. Моноқалалардың өнеркәсіптік өндірісінің үлесі еліміздің жалпы көлемінің 40%-ын құрайды.

Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі
Орташа қамтамасыз ету – 88,8%
Су құбыры желілерінің тозуы – 55,8%, кәріз желілерінің тозуы – 66,5%, жылу желілерінің тозуы – 54,4%
Әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымын салу әрі жөндеуге деген қажеттілік бар

2023-2027 жылдарға арналған Алтай, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Риддер, Степногорск қалаларын дамытудың кешенді жоспарлары бекітілді.

Соңғы 5 жылда моноқалалардағы ШОБ субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары
2019-2023 жылдары «Бәйтере» ҰБХ» АҚ 260,7 млрд теңгеге 29 ірі жобаны қаржыландырды
30 млрд теңгеге 3,9 мың шағын несие, 33,5 млрд теңгеге кредиттер бойынша кепілдіктер ұсынылды, 122,5 млрд теңгеге 1,4 мың жоба субсидияланды, 428 млн теңгеге 107 грант берілді.

Ағымдағы жылға моноқалаларды дамытуды 62,8 млрд теңге (РБ – 31,2 млрд теңге, ЖБ – 28,4 млрд теңге) көлемінде қаржыландыру жоспарланған.

Моноқалаларды одан әрі дамыту бойынша шаралар
Инженерлік инфрақұрылымды, сондай-ақ моноқалаларда ШОБ қолдау бағдарламаларын қаржыландыруды жыл сайын ұлғайту
Оффтейк-келісімшарттар жасасу жүйесін масштабтау
Техногендік-минералды түзілімдерді қайта өңдеу
Моноқалдардың бос тұрған нысандарында шағын өнеркәсіп аймақтарын құру
«Зәкірлік» жобаларды іске асыру
Моноқалалардың айналасында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу