Астанада Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлер саммиті 2026 өтті

Астанада Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлер саммиті 2026 өтті

Астанада Тұрақты болашаққа арналған әлеуметтік инвестициялартақырыбында Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлердің саммиті 2026 өттіІс-шара мемлекеттік органдардыңбизнестіңхалықаралық ұйымдардыңсарапшылар қоғамдастығы мен әлеуметтік кәсіпкерлер өкілдерін біріктірді

Саммитті ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Астана қаласының әкімдігіSocial Innovation Hub және ҚР Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығы ұйымдастырды

Саммитте сөйлеген сөзінде Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев тәжірибе алмасудың және әлеуметтік кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бойынша нақты ұсыныстарды талқылаудың маңыздылығын атап өтті Оның айтуыншамемлекет бизнеске қолайлы жағдай жасау жұмысын жалғастыруда

Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілер тізілімінде 1 776 субъект тіркелгенБір жылда олардың саны екі есе өсті

Мемлекеттік қолдау шеңберінде 31 тамыздан бастап әлеуметтік кәсіпкерлерІскер аймақбағдарламасына салалық шектеулерсіз қатысадыҮш жылға дейін 200 млн теңгеге дейінгі кредит бойынша номиналды мөлшерлеменің 50%-ын субсидиялау көзделгенСондай-ақ, 5 млн теңгеге дейін гранттаржеңілдікті үй-жайлар және қаржылық емес қолдау шаралары беріледі

Саммитте цифрлық құралдарға ерекше назар аударылдыАтап айтқандажасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі ұсынылды. Сервис бизнеске қойылатын заңнаманың талаптарын жүйелепкәсіпкерлерге өз қызметінің түрі бойынша өзекті ақпаратты бірыңғай көзден алуға мүмкіндік береді

Сервис бизнеске арналған цифрлық AIплатформада қолжетімдіЖақын арада eGov Business порталында да іске қосыладыӘлеуметтік кәсіпкерлер үшін бұл өте маңыздыӘдеттештатта жеке заңгер жоқ болғандықтан бұрын реттеуші талаптарды зерделеуге кететін уақытты енді тікелей жобаларды дамытуға және әлеуметтік міндеттерді шешуге бағыттауға боладыдеп атап өтті Ерлан Сағынаев

Қолдау шараларын одан әрі жетілдіру үшін Ұлттық экономика министрлігінде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылдыОның құрамына мемлекеттік органдардыңАтамекен ҰКП, бейінді ұйымдар мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері кірді. Топ жұмысының негізгі бағыттары-құқық қолдану практикасын жетілдіруТізілімге енгізудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу және Кәсіпкерлік кодексі мен қолдау құралдарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындау

Саммиттің халықаралық сессиясы шетелдік тәжірибегеәлеуметтік инвестицияларға және халықаралық әріптестік мүмкіндіктеріне арналдыОған БҰҰ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, Канада мен Жапония елшіліктерініңTIKA, Catalyst NowImpact Hub NetworkSenior Expert Service және басқа ұйымдардың өкілдері қатысты

Information Fair аясында әлеуметтік кәсіпкерлерге қаржылықбілім беру және консультациялық қолдау құралдары ұсынылдыІс-шарағаАтамекен» ҰКП, «Дамуқоры, ЕҚДБ, QazInnovations, SES, Astana HubKazakh Export АҚ және басқа да ұйымдар қатысты

Саммиттің басты оқиғаларының бірі Best Social Entrepreneur 2026 Awards болды. Инновация саласында Дәурен Бекғожаев (ITMLab), инклюзия саласында Гүлбақыт Балмағамбетова (Neurolink), экология саласында Андрей ЗелевскийПластикалық қоқысты қайта өңдеу), білім беру саласында Алексей КирюховБарлығына арналғанVALEO») жеңімпаз атандыЕлеулі әлеуметтік импакт арнайы номинациясын Ирина Ким (ISTINA би және спорт академиясы) иеленді

Сонымен қатар, 10 әлеуметтік кәсіпкерге әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыруға қосқан үлесі үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің алғыс хаттары табысталды