Қазақстан мен БҰҰ ОДМ-ға қол жеткізу жөніндегі ынтымақтастықтың басымдықтарын талқылады

Қазақстан мен БҰҰ ОДМ-ға қол жеткізу жөніндегі  ынтымақтастықтың  басымдықтарын талқылады

Астанада ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Асан Дарбаевтың БҰҰ-ның Даму құқығы туралы Арнайы баяндамашысы Сурия Девамен кездесуі өтті.

  БҰҰ өкілі сапарының негізгі мақсаты Даму құқығын іс жүзінде жүзеге асыруға, теңсіздікті қысқарту, халықтың осал топтарын қорғау және 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы күн тәртібін іске асыруға құқық қорғау тәсілін интеграциялау мәселелеріне жәрдемдесу болды.

  Кездесу барысында тараптар Орнықты даму мақсаттарын Қазақстанның мемлекеттік саясатына интеграциялау мәселелерін талқылады. Елдің инклюзивтілік пен әділ экономикалық өсуге баса назар аудара отырып, Орнықты даму қағидаттарын дәйекті түрде енгізіп отырғаны атап өтілді.

  Асан Дарбаев 2025 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Жоғары деңгейдегі саяси форумында үшінші ерікті ұлттық шолуды ұсынған 37 елдің қатарына кіргенін назарға жеткізді. Спикердің айтуынша, шолуды дайындау кезінде азаматтық сектордың, бизнестің және түрлі әлеуметтік топтардың қатысуымен кең қоғамдық сұхбат жүргізілді, бұл процестің ашықтығын және халықтың пікірін ескеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

  Келіссөздер барысында Қазақстандағы ОДМ үйлестіру тетіктеріне ерекше назар аударылды. Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл, Орнықты даму индикаторларына қол жеткізудегі жеке сектордың рөлі, сондай-ақ Алматыда орналасқан Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ОДМ жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

  «Қазақстан, БҰҰ-ға мүше басқа елдер сияқты, Орнықты даму мақсаттарына деген ұстанымын растайды. Біз үшін адам құқықтарын қорғау және экологиялық тұрақтылық экономикалық жоспарлаудың ажырамас бөлігі болып табылады», - деп атап өтті Асан Дарбаев.

  Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ақпараттық материалдармен алмасты. БҰҰ өкілі сараптамалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған Даму құқығы туралы мәселе бойынша арнайы баяндамашымен өзара іс-қимыл алгоритмі ұсынылды.