
Бүгін Ұлттық экономика министрлігінде Республика күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Ұлттық экономика Вице-премьер – министрі Серік Жұманғарин құттықтау сөз сөйледі. Ол ұжымды мемлекеттік мерекемен шын жүректен құттықтап, олардың еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтудағы және азаматтардың әл-ауқатын арттырудағы еңбектерінің маңыздылығын атап өтті.
Салтанатты рәсім аясында министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі және Қазақстан экономикасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалар табыс етілді.
«Парасат» орденімен Еңбек ардагері Гүлгүл Құлекина марапатталды.
«Құрмет» орденімен Еңбек ардагері Тілеуғазы Беспалинов марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен Ұлттық экономика министрлігінің мұрағат меңгерушісі Балжан Асабаева марапатталды.
Сондай-ақ «Құрмет» орденімен марапатталды:
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бас сарапшысы Гаухар Баймаханова, «QazExpoCongress» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Еркімбаев, әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Гаухар Жиентаева, макроэкономикалық талдау және болжау департаментінің директоры Вагиз Хисматулин.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды:
Өңірлік даму департаментінің бас сарапшысы Көпжан Бозшағұлов, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының кредиттік әкімшісі Елена Гулидова, салық және кеден саясаты департаментінің бас сарапшысы Марина Домнышева, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жанар Жанұзақова, Табиғи монополияларды реттеу Комитеті басқармасының басшысы Айнұр Ибраева,экономика және қаржы департаментінің бас сарапшысы Әлия Исергепова, Стратегиялық талдау және даму департаменті басқармасының басшысы Аягөз Қасымжанова, Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры Дінмұхамед Клышпаев, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ атқарушы директоры Надира Мырзағалиева, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ директорының орынбасары Наталья Новокшанова, ішкі әкімшілендіру департаменті басқармасының басшысы Ақбопе Сәрсенова, бюджеттік саясат департаменті директорының орынбасары Динара Торина.
Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлерге адал қызметі үшін министрліктің алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табысталды.
Ұлттық экономика министрлігі барлық қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды және елге бейбітшілік, келісім және одан әрі өркендеу тілейді!