
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде министр Е. Нысанбаевтың төрағалығымен а.ж. 9-20 қараша аралығында Анталья қаласында (Түркия Республикасы) өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (СОР 31) тараптары конференциясының 31-ші отырысына дайындық бойынша кеңес өтті.
Кеңеске мүдделі орталық мемлекеттік органдарының және Экология министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің өкілдері қатысты.
Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен СОР 31-ге дайындық жөніндегі Штаб құрылды. Штаб жұмысы мынадай негізгі бағыттар бойынша құрылатын болады: келісімдерге қол қою және бастамаларды ілгерілету, келіссөздер процесі, Қазақстан павильоны (мазмұны және іскерлік бағдарламасы) және ұйымдастыру мәселелері.
Естеріңізге сала кетейік, СОР дәстүрлі түрде жаһандық көпжақты бастамалар мен декларацияларға қосылу үшін платформа ретінде қызмет етеді. Қазақстан үшін инвестицияларды тарту, технологияларды беру және компаниялармен (бизнеспен), сондай-ақ халықаралық ұйымдармен, оның ішінде жоғары деңгейде келісімдерге қол қою үшін мүмкіндікті пайдалану маңызды.