
Қазалы ауданында «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген алгоритмге сәйкес дала өрттерінің алдын алу және оларды жою бойынша бірлескен тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өрт қаупі жоғары кезеңде төтенше жағдайларға жедел ден қою, тиісті қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру және табиғи аумақтардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Оқу-жаттығуға Қазалы ауданының әкімдігі, №9 Қазалы өрт сөндіру бөлімі, жедел жәрдем қызметі, аудандық полиция бөлімі, «Қазақтелеком», «Қазақ Газ» бөлімшелері, сондай-ақ «Арал Сарыбұлақ» ауыз су торабының өкілдері қатысты.
Жалпы іс-шараға 8 мекеме жұмылдырылып, 29 бірлік техника (19 автокөлік және 10 мотоцикл) және 45 адам қатысты.
Өрт қаупі жоғары кезеңде азаматтардан табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау сұралады:
• от жақпаңыз;
• темекі тұқылын тастамаңыз;
• қоқыс қалдырмаңыз;
• табиғатқа ұқыпты қараңыз.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!