Азаматтардың экологиялық құқықтары - Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әрбір азамат қолайлы қоршаған ортада өмір сүруге құқылы.

Азаматтардың экологиялық құқықтары - Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әрбір азамат қолайлы қоршаған ортада өмір сүруге құқылы.

Экологиялық ақпарат алу құқығы
Азаматтар мемлекеттік органдардан экологиялық ақпаратты толық әрі уақтылы алуға құқылы. Мысалы:
ауаның сапасы туралы мәліметтер;
су нысандарының жағдайы;
экологиялық мониторинг нәтижелері;
кәсіпорындардың экологиялық рұқсаттары туралы ақпарат.

Не істеуге болмайды?
Қоқысты белгіленбеген жерге тастауға;
Қалдықтарды рұқсатсыз өртеуге;
Су көздерін ластауға;
Жасыл желектерді бүлдіруге;
Табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға болмайды.

Заң бұзғандар жауапкершілікке тартылады.

Экологияға әркімнің қосар үлесі
Қалдықтарды сұрыптау;
Су мен электр энергиясын үнемдеу;
Қайта пайдаланылатын заттарды қолдану;
Ағаш отырғызу;
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау.

Экологиялық акциялар
Әрбір азамат экологиялық іс-шараларға қатыса алады:
«Таза Қазақстан» акциясы;
Сенбіліктер;
Ағаш отырғызу шаралары;
Өзен-көл жағалауларын тазалау;
Қағаз бен пластик қалдықтарын жинау;
Экологиялық сабақтар мен флешмобтар.

Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!