Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Мамыр айындағы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаевтың азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдауы 28 мамыр күні өтті.

Кездесу Азаматтарды қабылдау орталығында оффлайн және онлайн режимінде өтті.

Ақмола облысының қоғам қайраткері Н.Катчиев кездесуде елді мекендердің маңындағы қоқыс үйінділері мен қоқыс полигондары, елді мекендерді көгалдандыру туралы айтып өтті.

Қазгидрометтің бақылау бекетінде 40 жылдам астам уақыт қызмет еткен Ж.Мухамедиев кездесуге Алматы қаласынан келді. Кездесу барысында Үлкен Алматы өзенінде орналасқан гидропосттың қызметін жандандыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Кездесуде Абай облысынан «ПКФ «Семей Сталь Сервис» ЖШС өкілдеріне экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізуге қатысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің нормалары түсіндірілді. Қатысуга онлайн форматта Абай облысының Экология департаментінің басшысы да қатысты.

«Тәжірибеші экологтар» қауымдастығының басқарма төрағасы Лаура Маликова кездесу барысында қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстарын алға тартып, сөз сөйледі. Нақтылап айтсақ: Қазақстанның Экологиялық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныс, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қағидаларына, коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны және қалдықтарды жинақтау нормаларын әзірлеу туралы, ШЖШ жиынтық томын әзірлеу бойынша және т.б.

Барлық сұрақтарға жеке қабылдауға қатысушылар егжей-тегжейлі түсініктеме алып, Министр вице-министрге, тиісті құрылымдық бөлімшелер басшыларына тапсырмалар берді.