Экология министрінің Өзбекстандық Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы онлайн кездесуі

Экология министрінің Өзбекстандық Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы онлайн кездесуі

 

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Өзбекстан Республикасы Президентінің экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі - Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы А. Абдухакимовпен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ағымдағы жылдың 22-24 сәуірінде өтетін Астана қаласындағы Өңірлік экологиялық саммитке қатысу мәселелерін талқылады.

Орман шаруашылығын басқару мәселелерін талқылау да маңызды болды. Орман ресурстарын тұрақты басқару саласындағы тәжірибе алмасуға, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мүмкіндігіне, ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, Арал теңізінің құрғаған табанында жасыл желектерді отырғызу жұмыстарына толығырақ тоқталды.

Тараптар атмосфералық ауаның сапасын арттыру, атап айтқанда ауа сапасы бойынша соңғы деректермен алмасу, бірлескен зерттеулер мен жобалардың мүмкіндігі мәселелерін қозғады.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.