8 наурыз – көктем мерекесі!

8 наурыз – көктем мерекесі!

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әйел қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Бүгінде елімізде әйелдердің қоғамдағы еңбегі жоғары бағаланып келеді. Жыл сайын 8 наурыз мерекесі қарсаңында әйелдерді Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік наградаларымен марапаттау игі дәстүрге айналды. Қатарымыздағы әріптестеріміз де, түрлі наградаларға да ие болғаны қуантады.

«ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы» орденімен А. Битимчинова, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Ш.Кунтуарова, А. Рахымова, Б.Бердигулова, Мемлекет Басшысының құттықтауымен А.Александровна, «Еңбек ардагері» медалімен М.Шмидт марапатталды.

Қазіргі таңда Министрлікте төрт мыңнан астам әйел қызмет етеді, оның үш жүден астамы жауапкершілігі мол басшылық лауазымындағы нәзік жандар. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген әйел азаматтардың еңбегі зор құрметке лайық. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз ортақ іске үлкен үлес қосып келеді.

Іс-шара соңында Министр аруларымызға қызметкерлеріне зор денсаулық, амандық, жаңа жетістіктер мен жауапты әрі маңызды еңбектеріне шабыт тіледі.