
Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы – Конституцияның жобасы жарияланды.
Жобада алғашқы рет негізгі заң деңгейінде Әділеттік, Заң және Тәртіп сияқты қағидалармен бірге табиғатты аялау қағидасы бекітіледі.
Конституциялық қағиданың бекітілуі табиғатты қорғау саясатының құқықтық негізін күшейте отырып, ресурстарды тұрақты пайдаланудың қоғамдық маңызына назар аударады. Аталмыш норма заңнама мен құқық қолдану үшін құндылық және нормативтік негізін қалыптастырады, сондай-ақ қоғамның экологиялық тәуекелдері мен ұзақ мерзімді мүдделерін ескеретін даму моделіне көшуді қолдайды.
Экология дегеніміз негізгі құндылықтардың бірі, Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты қорғап, аялап, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауы міндетті.
Мемлекет адамның өмiр сүруiне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді.
Егер лауазымды адамдар халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақпаратты жасырса, бұл үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылған.
Бұл өзгерістер азаматтардың экологиялық құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған ауқымды реформаның бөлігі болып табылады және декларативті экологиядан нақты экологиялық жауапкершілікке көшуді, оны мемлекеттің үйлесімді жүйесіне енгізуді білдіреді.
Конституция жобасының нормалары қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, биоәртүрлілікті қорғау, құқық қолдану тиімділігін арттыру, ұзақмерзімді экологиялық басымдықтарды, болашақ ұрпақтың мүдделерін ескере отырып, дамудың орнықты моделіне көшуді қолдау саласындағы заңнаманы дамыту мен жетілдіру үшін берік негіз.
Конституцияда азаматтардың табиғатты сақтау міндетін бекіту мынаны білдіреді:
Конституцияға экологиялық міндетті енгізу:
Экология және Орман кодекстерінің нормалары мен оларды құқықтық қолдану Конституция кепілдігінде.
Сонымен қатар:
Жаңа Конституцияның жобасы табиғатты сақтау, қоршаған ортаны қорғау жалпыұлттық басымдықтарына ие болады, экологиялық заңнаманың тиімділігі күшейтіледі, табиғатты қорғау және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қосымша құралдар енгізіледі.