Өртке қарсы техника «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне» табысталды

Өртке қарсы техника «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне» табысталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап өртке қарсы жабдықтарды жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда.

Бағдарламаның мақсаты – орман және табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын толық жаңарту, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін күшейту. Бұл техникалар үш тоннаға дейін су тасымалдай алады және жол талғамайтың, өзің өзі сөндіру жүйесімен және қозғалыс барысында сөндіру мүмкіндігімен жабдықталған.

Аталған бағдарлама аясында «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне жаңа 8 бірлік орман өртін сөндіру техникасы табысталды.

Бұл заманауи техника өрттің алдын алу мен жедел әрекет ету мүмкіндіктерін арттырады.