Қазақстанда Париж келісімі аясында климаттық ашықтық жүйесін нығайту жөніндегі жоба іске қосылды

Қазақстанда Париж келісімі аясында климаттық ашықтық жүйесін нығайту жөніндегі жоба іске қосылды

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) бірлесіп, «Париж келісімі шеңберінде кеңейтілген транспаренттілік талаптарын орындау бойынша Қазақстанның әлеуетін арттыру» (CBIT) жобасын іске қосты.

Жобаның іске қосылуы аясында Астана қаласында жобаның тұжырымдамасын, мақсаттарын, негізгі компоненттері мен күтілетін нәтижелерін талқылауға бағытталған кіріспе семинар өтті. Іс-шара гибридті форматта ұйымдастырылып, оған профильдік мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми және сараптамалық қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар, жеке сектор, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар барысында Париж келісімінің 13-бабына сәйкес Кеңейтілген транспаренттілік шеңберінің (ETF) негізгі ережелері таныстырылып, Қазақстан Республикасының ұлттық климаттық есептілікті дайындау жөніндегі міндеттемелері, оның ішінде екіжылдық транспаренттілік есептері (BTR), ұлттық баяндамалар және ұлттық деңгейде айқындалатын үлес (NDC) мәселелері қаралды.