«Адамдардың қоныс аудару мәселелерін Қазақстанның ұлттық бейімделу жоспарына интеграциялау» тақырыбындағы семинар

«Адамдардың қоныс аудару мәселелерін Қазақстанның ұлттық бейімделу жоспарына интеграциялау» тақырыбындағы семинар

2025 жылғы 21–22 қазан күндері Астана қаласында «Адамдардың қоныс аудару мәселелерін Қазақстанның ұлттық бейімделу жоспарына интеграциялау» тақырыбындағы семинар өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Халықаралық көші-қон ұйымымен (ХКҰ) бірлесіп ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – климаттың өзгеруі мен адам мобильділігінің өзара байланысы жөнінде хабардарлықты арттыру және осы аспектілерді Ұлттық бейімделу жоспарына енгізудің практикалық тәсілдерін талқылау болды.

Семинар барысында қатысушылар ұқсас бейімделу жоспарларын әзірлеу кезінде қолданылатын халықаралық тәжірибе және құралдармен танысты.