ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО) өкілдерінің кездесуі

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО) өкілдерінің кездесуі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО) өкілдерінің арасында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасын іске асыру мәселелерін және гидрофторкөміртектерді тұтынуды кезең-кезеңімен қысқарту бойынша Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) жобасына дайындық аясындағы өзара іс-қимылдарды талқылады.

Монреаль хаттамасына Кигали түзетуін ратификациялау мүмкіндігі мен оның ережелерін іске асыру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар болашақта өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт білдірді.