ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕН АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНА БАРДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕН АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНА БАРДЫ

 

 

 

➡️ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында болып, бірқатар медициналық ұйымдардың қызметімен және денсаулық сақтау саласындағы іске асырылып жатқан жобалармен танысты.

 

1️⃣Өскеменде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы № 2 қалалық емханада болып, онда мамандардың қабылдауының қолжетімділігі, халықтың кезектілігі мен шағымдарының төмендеуі, медицина қызметкерлерінің арасында функционалдылықты бөлудің тиімділігі мәселелері талқыланды.  

 

2️⃣Бұдан әрі министр құрамына қан және жүрек-тамыр жүйесі ауруларын диагностикалауға және емдеуге арналған мамандандырылған корпустар кіретін гематологиялық орталық — жоғары технологиялық кешен құрылысының барысымен танысты.

 

Абай өңіріне сапары шеңберінде ✔️Ақмарал Әлназарова облыстың әкімі Берік Уәлимен бірге жедел медициналық жәрдем ауруханасына барды:

 

• заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған гибридті операциялық блокты;

• пациенттерді триаждау және сұрыптау жүйесі енгізілген қабылдау-диагностикалық бөлімшесін қарады.

 

🔍Аурухананың базасында ашылған пациенттерді қолдау орталығына ерекше назар аударылды. 

 

3️⃣Орталық пациенттерге және олардың жақындарына ақпараттық және психологиялық көмек көрсетеді, өтініштерді, шағымдар мен ұсыныстарды қабылдайды, сондай-ақ туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін бейінді бөлімшелермен өзара іс-қимылды үйлестіреді.

 

Сапардың соңында министр «Семей медицина университеті» КеАҚ-та болып, басшылықпен университеттің инфрақұрылымын дамыту мәселелерін, оның ішінде Университет ауруханасының базасында инсульт орталығын ашу мәселелерін талқылады.