ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АРДАГЕРЛЕРМЕН БІРГЕ "АЛТЫН ЖҮРЕК" МЕМОРИАЛЫНЫҢ ЖАНЫНА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АРДАГЕРЛЕРМЕН БІРГЕ "АЛТЫН ЖҮРЕК" МЕМОРИАЛЫНЫҢ ЖАНЫНА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Бүгін денсаулық сақтау министрі, сала ардагерлері, сонымен бірге ведомства қызметкерлері “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акция аясында жалпы қалалық экологиялық сенбілікке қатысты.

Іс-шара шеңберінде елорданың желілік саябағының аумағында, "Алтын жүрек" мемориалының айналасына жас ағаштардың жаңа аллеясы отырғызылды.

Мемлекет басшысы өзінің жуырдағы сөзінде барлық қазақстандықтарды "Таза Қазақстан" науқаны бір реттік акция емес, халқымыздың мәдениеті мен тәрбиесінің бір бөлігі болуға тиіс екенін атап өтіп, қоршаған кеңістікті тазалыққа, абаттандыруға және көгалдандыруға шақырды.

Сонымен қатар, сенбілікке қатысушылар мемориал аумағында коронавирус инфекциясымен күресте қаза тапқан дәрігерлерге құрмет көрсетті.

Ведомство басшысы әріптестеріне ризашылығын білдіре отырып, бұл көшеттер қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтау мен денсаулыққа қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске сала отырып, өмір мен үміттің жалғасуының символына айналатынын атап өтті.