
Алматы онкология орталығында күн сайын аса күрделі операциялар жасап, пациенттердің онкологиялық ауруларды жеңуіне көмектесіп жүрген жас әрі болашағынан зор хирургтердің командасы еңбек етеді. Олардың барлығы Онкохирургия орталығының меңгерушісі Нұрлан Анарқұлұлы Балтаевтың басшылығымен жұмыс істейді. Ол өз тәжірибесі мен білімін жас мамандарға үйретіп, кәсіби шеберлігін шыңдауға үлес қосуда. Ходжабай Сүлеймен Жалғасұлы жұмсақ тіндердің ісіктерін алып тастау және реконструктивтік-пластикалық операциялар жасауға маманданған. Баймағамбетов Нұржан Оңғарұлы бүйрекке лапароскопиялық резекция операцияларын орындайды. Сатымбаев Шыңғыс Тоқтасынұлы өңеш пластикасымен бірге күрделі ларингофарингоэктомиялар жасайды. Сармаш Ғалым Ердесұлы аз инвазивті колоректалды хирургия бағытын дамытуда. Кинитаев Арман Жұмағалиұлы қуықтың трансуретралды резекцияларын жүргізсе, Оразбаев Абай Бекболатұлы асқазанға лапароскопиялық резекциялар жасайды. Ирсалиев Рүстем Камалдинұлы өкпе мен өңешке торакоскопиялық бронхопластикалық операциялар жүргізеді, ал Қаржауов Асылбек Нұрмағанбетұлы бауырға лапароскопиялық резекция жасауға маманданған. Жас болғандарына қарамастан, бұл дәрігерлердің артында көпжылдық тәжірибе, мыңдаған операция және құтқарылған өмірлер бар. Оларды кәсіби біліктілік, үздіксіз дамуға ұмтылыс және өз ісіне деген адалдық біріктіреді. Медицина қызметкері күні қарсаңында пациенттерінің денсаулығы мен өмірі үшін күн сайын күресіп жүрген барлық медицина мамандарына алғыс білдіреміз.