
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство алқасының отырысында Премьер-Министрдің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) ұйымдастыру реформаларының бірқатар негізгі нәтижелерін ұсынды және халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жаңа шараларды белгіледі.
Министрдің айтуынша, қоғамда емханалардағы кезекке, жалпы практика дәрігерлерінің шамадан тыс жүктемелеріне және пациент маршруттарының күрделілігіне байланысты мәселелер сақталуда.
«Біз пациент медициналық қолдауды тезірек және аурудың ерте сатысында, емдеу тиімді болған кезде алатындай етіп алғашқы көмекті қалпына келтіріп жатырмыз», — деп атап өтті А.Әлназарова.
2025 жылдан бастап скринингтік бағдарламалар кеңейтілді: нысаналы тобтың жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды, 50-76 жастағы ер адамдар үшін инсульт қаупін тұрақты тексеру енгізілді, созылмалы ауруларды ерте анықтау үшін жоғары сезімтал зертханалық сынақтар енгізілді.
Онкоскринингтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ауыстырылды, бұл 300 мың сақтандырылмаған азаматтар үшін тексерулерге қолжетімділікті қамтамасыз етті.