АЛМАТЫДА БАЛАЛАР ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ: АСҚЫНУЛАРДЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӘНЕ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКА ТУРАЛЫ

АЛМАТЫДА БАЛАЛАР ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ: АСҚЫНУЛАРДЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӘНЕ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКА ТУРАЛЫ

Алматы қаласында «Педиатрия мен балалар хирургиясының заманауи мәселелері: тәжірибе, инновациялар және жетістіктер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция, сондай-ақ докторанттарға, магистранттар мен резиденттерге арналған «Жас зерттеуші: қазіргі заманғы педиатрия мен балалар хирургиясының сын-қатерлері мен даму перспективалары» атты жас ғалымдар мектебі өтті.

Конференцияның жұмысына Қазақстан мен шет елдерден 100-ден астам спикер қатысты. Іс-шара гибридті форматта өтті және 1500-ден астам дәрігерді - педиатрларды, балалар хирургтарын, ғалымдар мен жас мамандарды біріктірді.

Конференция ғылыми тәжірибе алмасуға, клиникалық практиканы дамытуға және еліміздің педиатриялық қызметінің кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған дәстүрлі жыл сайынғы іс-шараға айналды.

Отырыс барысында балаларға медициналық көмекті ұйымдастырудың өзекті мәселелері, диагностика мен емдеудің заманауи әдістері, педиатрия мен балалар хирургиясына инновациялық технологияларды енгізу, түрлі патологиясы бар балаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу мәселелері қаралды. Балалардың денсаулығын сақтау саласында ақпараттық технологиялар мен цифрлық шешімдерді дамытуға ерекше назар аударылды.

Конференция жұмысының екінші күні Жас ғалымдар мектебі өтті, оның шеңберінде докторанттар, магистранттар мен резиденттер педиатрия мен балалар хирургиясының өзекті мәселелері бойынша 50-ге жуық ауызша және стендтік баяндамалар ұсынды.

Конференцияны ашқан қатысушыларға ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, С.ДЖ Асфендияров атындағы ҚазҰМУ проректоры Светлана Сұлтанғазиева және педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма Төрағасы Абай Құсайынов құттықтау сөз сөйлеп, конференцияның білім алмасу және жас мамандарды қолдау алаңы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

«Жас ғалымдардың қатысуынсыз заманауи медицина ғылымы мен практикасын дамыту мүмкін емес. Біз бұл іс-шараны жыл сайын олардың ғылыми әлеуетін кеңейту және зерттеулерді клиникалық тәжірибеге біріктіру үшін өткіземіз. Биыл жас қатысушылар даярлықтың жоғары деңгейін, мазмұнды баяндамалар мен практикалық ұсыныстарды көрсетті. Біз жастарымызды мақтан тұтамыз — олар отандық медицинаның болашағы»,

– деп атап өтті ПБХҒО-ның Басқарма Төрағасының ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Ләззат Манжуова.

Орталық резидентурасының түлектері бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істеп, еліміздің балалар медицинасының дамуына үлес қосуда.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы және «Педиатрлар Одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.