Астанада, Шымкентте және Өскеменде халықаралық стандарттарға сәйкес онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін жаңа скринингтік жүйелерді сынақтан өткізу басталды, деп хабарлады бүгін Шымкенттегі Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының көшпелі отырысында «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов.
Оның айтуынша, пилот шеңберінде бірінші кезеңнің скринингі кемінде 30 мың адам тіркелген медициналық ұйымдарда шоғырландырылады, ал екінші кезең — онкология орталықтарында орталықтандырылады. Сондай-ақ жаңа скринингтік тесттер - АПВ, маммография және ферменттік гемокульт-тест сыналады.
2028 жылға дейін ТМККК шеңберінде тегін қолжетімділікті кеңейте отырып, нысаналы топтарды онкоскринингтермен қамтуды 90%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Онкологиялық скринингтердің шеңберінде Қазақстанда жыл сайын 2,8 миллионға жуық адам зерттеліп-қаралады. Осының арқасында қатерлі ісіктердің 2800-ден астам жағдайын негізінен ерте кезеңдерде анықтауға болады.
2025 жылғы қаңтарда Қазақстанда онкологиялық аурулары бар 231 019 пациент динамикалық бақылауда болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артық.
Соңғы 10 жылдың ішінде онкологиялық аурулардан болатын өлімнің деңгейі 33%-ға төмендеді.
Ерте диагностика жүйесін нығайту, скринингтік бағдарламаларды жетілдіру және мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру өлімді азайтуға ықпал етеді.