Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы 18 желтоқсандағы №26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 3 қаңтардағы №26-2 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы 18 желтоқсандағы  №26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 26-2

ҚАУЛЫ

 

2021 жылғы 03 қаңтар                                                              Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Х.Ж. Илюбаев, мына құжаттарды:

         Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 07 желтоқсандағы; 2020 жылғы 14 желтоқсандағы; 2020 жылғы 20 желтоқсандағы; 2020 жылғы 24 желтоқсандағы  шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 04 желтоқсандағы №65; «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауында сайлау алды үгітті жүргізу кезінде  COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №66; «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68; «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №69 қаулыларын;

«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын,

«Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын,

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы–9,6 %, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R–0,85 құрағанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы 18 желтоқсандағы № 26 қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 04 қаңтардағы сағат 00.00-ден бастап 18 қаңтардағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

2) 2-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«3) Мыналарға:

- қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде және кеңселерде ұйымдастырылған ұжымдардағы бұқаралық ойын-сауық іс-шаралардың, спорттық іс-шаралардың, бейбіт жиналыстардың, көрмелердің, форумдардың, конференциялардың, іс- шаралардың (корпоративтердің)  өткізілуіне;

- бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларының (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде өткізілуіне;

- адамдар көп жиналатын жерлерде (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (концерт залдары, клубтар) бұқаралық театрландырылған қойылымдардың, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтерінің, шоу-бағдарламалардың, концерттер мен басқа да бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне;

- ұжымдық діни рәсімдердің (жұма намаз) өткізілуіне жол бермеуге бақылауды қамтасыз етсін.

3) 2-тармақ 10) тармақшамен толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын:

«10) тұрақты облысішілік автобустардың, шағын автобустар және облыстың қалалары мен аудандары арасындағы өзге де жолаушылар тасымалына, сонымен қатар автовокзалдардың, автостанциялардың және өзге де жолаушылар көлігі кәсіпорындарының жұмыс істеуі 2021 жылғы 06 қаңтардан бастап:

- «Карантин оның ішінде шектеу шараларының қолданылу кезеңінде жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдау жұмысы туралы үшжақты меморандум» жасасу кезінде;

- толтырылуы отыратын орындар санынан аспаған кезде (қызметкерлердің ауысымы немесе вахта қайта ауысқан кезде оларды тасымалдауды қамтамасыз ететін тасымалдарды қоспағанда);

- жүргізуші мен жолаушылардың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде киюі кезінде;

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен белгіленген шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің қолданылу кезеңінде жұмысқа қойылатын профилактикалық және эпидемияға қарсы талаптарды сақтау кезінде жандандырылсын».

4) 3- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан аудандарының санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары:

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына» сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.

Ескерту. Осы тармақша енгізілген өзгерістерімен 2021 жылғы 06 қаңтардан бастап күшіне енеді.

5) 4 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«4. Мыналардың:

1) қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде және кеңселерде ұйымдастырылған ұжымдардағы бұқаралық ойын-сауық іс-шаралардың, спорттық іс-шаралардың, бейбіт жиналыстардың, көрмелердің, форумдардың, конференциялардың, іс- шаралардың (корпоративтердің)  өткізілуіне;

2)  бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларының (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде өткізілуіне;

3) адамдар көп жиналатын жерлерде (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (концерт залдары, клубтар) бұқаралық театрландырылған қойылымдардың, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтерінің, шоу-бағдарламалардың, концерттер мен басқа да бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне;

4) ойын-сауық агенттіктерінің және үйге барып ойын-сауық қызметтерін көрсететін басқа да ұйымдардың қызметтеріне (аниматорлық қызметтер, балалар шоулары, мастер-кластар, интерактивті спектакльдер және басқа да қызметтер);

5) ойын-сауық мекемелерінің жұмыс істеуіне (караоке, бильярд, түнгі және ойын клубтары/орындары (компьютерлік клубтар, PlayStation, боулингтер, букмекерлік кеңселер және басқа орындар), жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары);

6) ҚР БМСД 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 145-бабына сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем көліктерінде, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезде, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізген кезде, науқастар мен байланыста болған адамдарға сауалнама жүргізген кезде аудио, фото және бейнетүсірілім жүргізілуіне;

7) ұжымдық діни рәсімдердің (жұма намаз) өткізілуіне тыйым салу қамтамасыз етілсін.

6) 7-тармақ 7.6 және 7.7-тармақшалармен толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын:

«7.6 тамақтану залындағы отыратын орындар санының 30% - нан аспайтын толтырылуымен білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына рұқсат берілсін;

7.7 санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат берілсін».

7) 8-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«5) діни бірлестіктер объектілері (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.):

- мешіттерде белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық діни жоралғыларды (жұма намаз) өткізбей, толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде намаз оқуға (бес намаз), ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етіледі».

8) 8-1 және 8-2 тармақтарымен толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын:

«8-1. 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап:

- контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға;

- сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың (қамқоршылардың) өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптарда оқытуға;

- оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-ынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту);

- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат берілсін;

8-2. Екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат берілсін;

9) «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы 18 желтоқсандағы                № 26 қаулысының:

- 7- тармағының 7.1-тармақшасының соңғы және оның алдындағы абзацтары алынып тасталсын;

- 7- тармағының 7.3-тармақшасынан мына: «2021 жылғы 01 және 02 қаңтарда төменде аталған объектілерге жұмыс істеуге рұқсат етілсін» сөз тіркесі алынып тасталсын;

- 1 - қосымша алынып тасталсын.

10) 8-тармақтың 10) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын.

«10) театрлар мен кинотеатрлар:

- бір отбасы мүшелерін қоспағанда, толтырылуы 30%-дан аспағанда, шахмат тәртібі бойынша отырғызу кезінде, бірақ залдағы адамдар саны 100-ден аспаған жағдайда рұқсат етілсін.

11) 11-тармақ 6) тармақшамен толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын.

«6) CОVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы екпе егуге егу пункттерінің дайындығын қамтамасыз етсін».

  1. «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы18 желтоқсандағы №26 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 26-1 қаулысының күші 2021 жылғы 06 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылсын.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы 2021 жылғы 04 қаңтардан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің м.а.                                                                                                Х.Илюбаев

Дата публикации
03 января 2021