📌Вирустық гепатиттің алдын алу

📌Вирустық гепатиттің алдын алу
⚡️Гепатит - бұл бауырдың қабынуы, ол көптеген инфекциялық және инфекциялық емес факторлардан, оның ішінде алкогольден, кейбір фармакологиялық препараттардан және т.б. болуы мүмкін. Алайда, гепатит көп жағдайда вирустардан пайда болады. Бұл вирустар әртүрлі жолдармен таралады:
А және Е гепатиті — ластанған тамақ өнімдері мен су арқылы, В, С және Д гепатитінің вирустары қан арқылы (есірткі құралдарын инъекция түрінде енгізу, татуировка жасау, пирсинг, косметикалық процедуралар, маникюр, педикюр және тері мен шырышты қабаттардың тұтастығының бұзатын басқа да процедураларды жасау кезінде стерильді емес құралдарды қолдану арқылы), жұқтырған анадан балаға жатырда немесе босану кезінде, сондай-ақ қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде жұғады. В, С және Д гепатиті вирустарын жұқтырудың ең жоғары қаупі есірткіні инъекциялық жолмен қолдану болып табылады. Егер қан препараттарын дайындау мен пайдалануға қойылатын талаптар бұзылған болса, оларды құю кезінде инфекция жұқтыру қаупі туындайды.
⚡️Бұл вирустардың барлығы жіті гепатитті тудырады, оның белгілері - шаршау, тәбеттің төмендеуі, дене қызуының көтерілуі және терінің сарғаю. Адамдардың басым бөлігі бұл аурудан айығады, дей тұрғанымен жіті гепатиттен көз жұмғандар да бар. Бұдан бөлек, В және С гепатитінің инфекциясы созылмалы түрге ауысып, цирроз және бауырдың қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін.
⚡️Гепатит инфекциясын қауіпсіз тамақ пен су, вакциналар, донорлық қанды тексеру, стерильді инъекциялық жабдықтар арқылы және инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету арқылы ескертуге болады.
⚡️Алдын алу:
1. Вакцинациядан бас тартпаңыз. В гепатитіне қарсы алғашқы екпе жаңа туған нәрестелерге перзентханада жасалады. В гепатитіне қарсы вакцинацияның тиімділігі өте жоғары, вакцинация нәтижесінде В вирустық гепатитімен сырқаттану күрт төмендеді.
2. Табиғатта немесе саяжайда болған кезде қайнатылмаған су ішпеңіз, көкөністер мен жемістерді, тіпті өзіңіздің бақшаңыздан алынғандарды да әбден жуыңыз, өнімдерді термиялық өңдеуден өткізуді ұмытпаңыз, ашық тоғандарда шомылу кезінде суды жұтпаңыз, дәретханадан кейін, тамақтанар алдында, жұмыстан, көшеден келгеннен кейін қолыңызды ағынды сумен және сабынмен мұқият жуыңыз.
3. Ешқашан басқа біреудің ұстарасын, тырнақ алу құралдарын, тіс щеткасын, сүлгісін пайдаланбаңыз.
4. Үйде және күмән тудыратын салондарда татуировка (татуаж), маникюр, пирсинг және басқа косметикалық процедураларды жасаудан аулақ болыңыз.