Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021 жылғы 24 маусымдағы № 18 Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 19 ҚАУЛЫ

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021 жылғы 24 маусымдағы № 18  Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАУЛЫ

           29  маусым  2021 жыл                                              Нұр-Сұлтан қаласы

 Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес және Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021 жылғы 24 маусымдағы № 18 Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 4 тармақ 4.71. тармақшамен толықтырылсын және келесі редакцияда жазылсын:

«онлайн форматта ұйымдастыруды қоспағанда, жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салу»;

2) 4 тармақ 4.72. тармақшамен толықтырылсын және келесі редакцияда жазылсын:

«саябақ аймағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлеріне тыйым салу»;

3) 4 тармақтың 4.60. тармақшасына өзгертулер енгізілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін  театрлардың, филармониялардың жұмысын отыратын орындар санының 20%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша  арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру;

4)  4 тармақ 4.73. тармақшамен толықтырылсын және келесі редакцияда жазылсын:

«Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін  кинотеатрлардың жұмысын отыратын орындар санының 30%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша  арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру.

    1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

2.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

2.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

    1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
    2. Осы қаулы 2021 жылғы 2 шілдесінің 00:00 сағатынаң бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                         С. Бейсенова

 

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021 жылғы 24 маусымдағы № 18 Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 19 ҚАУЛЫ
Дата публикации
29 июня 2021