Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы
ҚАУЛЫ
6 мамыр 2021 жыл Нұр-Сұлтан қаласы
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 68 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 12, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 13, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17, «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 18 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуінің жоғары деңгейде сақталуын және Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының «қызыл аймақта» болуын ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.1. бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде өткізілетін іс-шараларды қоспағанда (30 адамнан артық емес), ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;
1.2. қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, кинотеатрлар, («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караокеге, кинорумдар, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары, балалар ойын бөлмелері, ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салу;
1.3. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет;
1.4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.
1.5. әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде 2 метрден кем емес сақтай отырып, жеке және топпен ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беру;
2.1. InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастау;
2.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіре берісте көрінетін жерге орналастыру;
2.3. шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен таныстыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру;
2.4. кәсіпкерлердің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында карантин режимін бұзу фактілері мен шағымдарын орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz.сайтын пайдалану;
2.5. InfoKazakhstan.kz сайтына шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін орналастыру;
2.6. «InfoKazakhstan.kz. сайтына кәсіпкерлік субъектісімен объектінің паспортына келушілердің ғимараттарды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу (осы қаулымен және Бас мемлекет қаулысына «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының санитарлық дәрігері 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қосымшалармен анықталған шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметіне қойылатын талаптарына «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына сәйкес 1 адамға арналған белгіленген аумақты ескере отырып анықталады және енгізіледі және «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17).
3.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыруды жалғастыру:
1) фитнес-клубтар, йога орталықтары;
2) спа орталықтары;
3) сауналар, бассейндер;
4) компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары (16 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);
5) боулинг клубтары, орталықтары;
6) кинотеатрлар;
7) театрлар және филармониялар;
8) банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
9) облысаралық және қалааралық жүйелі емес (туристік) тасымалдар;
10) бильярд клубтары;
11) концерт залдары;
12) ерікті қатысушылар;
13) караоке;
14) банкет залдары;
15) көрмелер;
16) океанариум;
17) марафондар;
18) көрермендермен спорттық іс-шаралар.
3.2 осы қаулының 3-тармағы 3.1 тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын жүргізуді қамтамасыз етсін.
1) осы қаулының 3-тармағы 3.1 тармақшасына сәйкес «Ashyq» жобаны іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінің тізбесін айқындауды және Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ұсынуды қамтамасыз ету;
2) Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне ресепшнмен кіру үшін App Store және Play Market-те жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді қамтамасыз ету;
3) «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілерінде Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №18 қаулысына 4-қосымшаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарын «қызыл аймақта» болуын ескере отырып, қолдануды қамтамасыз ету;
4) әкімдіктердің сайтында «Ashyq» жобасына қатысушылар, оның ішінде тестілік режимге қатысушылар мен ерікті қатысушылар туралы ақпаратты орналастыруды;
5) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижесі бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және оларды Ұлттық сараптама орталығының бірыңғай ақпараттық порталына (ҰСО БАП) беруін;
6) Cаll-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
8) рұқсат беру құжаттары жоқ тыйым салынған қызмет түрлеріне және объектілерге қатысуға жол бермеу мақсатында (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы «30» сәуірдегі №18 қаулысына 1-қосымшаға сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Ashyq» жобасына ерікті қатысушылардың өтінімдерін қарау сатысында келісу;
9) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №18 қаулысына 1-қосымшамен бекітілген алгоритмге сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосуды қамтамасыз етсін;
10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №18 қаулысына 2-қосымшамен бекітілген алгоритмге сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары»/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау;
11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №18 қаулысына 3-қосымшамен бекітілген алгоритмге сәйкес жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығаруды қамтамасыз етсін.
Зираттарға барған кезде қайтыс болған адамдардың зираттарын күтіп-ұстауға байланысты іс-шараларды өткізу үшін, сондай-ақ қайтыс болғандарды ерекше еске алу күні Радоницада (ата-аналар күні) адамдардың көп жиналуына жол бермеу, бет перде кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша талаптарды сақтау қажет;
- оқушылар саны 300-ге дейін қалалық мектептерде дәстүрлі форматта, сыныптардағы балалар саны 10 адамнан аспайтындай, ата-аналардың өтініші бойынша;
- білім беру объектілерінің жұмысын қашықтықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар) қоспағанда, олар үшін оқыту аралас форматында (пәндердің 70% -дәстүрлі форматта, 30% - қашықтықтан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша.
Білім беру объектілерінің жұмысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №ҚР ДСМ-98/2020 бұйрығымен өзгеріс енгізілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 Бұйрығының 10-тарауын сақтай отырып рұқсат етіледі. Білім беру объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген кезінде объектіні карантинге жабу осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес жүргізіледі;
4.46. фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын орналасқан жеріне қарамастан, бассейндер мен сауналарды, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен, бір келушіге жаттығу залының 4 м2 есебімен, бір келушіге 5м2 су айнасын қамтамасыз етумен қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, топтық сабақсыз, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күні сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, 5 адамнан аспайтын топпен сабақ өткізуге жол беріледі;
4.47. жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір жолда бір келушіден қатаң түрде бір уақытта болуын қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5м2 су айнасын есептей отырып, топтық дайындықтар өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күні сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда;
4.48. моншаның жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір келушіге 4 м2 есебімен, бір адамға 5 м2 су айнасын есептей отырып күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;
4.49. саунаның жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуыменбір келушіге 4м2 есебімен,бір адамға 5м2су айнасын есептей отырып күшейтілгенсанитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күні сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда;
4.50. СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір мезгілде 3 келушіден аспайтын массаж салонына барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күні сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда;
4.51. сұлулық салондарының, шаштараздардың, «барбер шоптың», косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін, орталықтар мен салондардың жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 м2 есебінен) орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін ұйымдастыру;
4.52. көлік жуу, авто және тұрмыстық техниканы, шиномонтаж станцияларын жөндеу қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;
4.53. өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;
4.54. адамдардың көп жиналуын, сондай-ақ ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын, халыққа қызмет көрсету объектілерінің (баспахана, полиграфия, тігін шеберханалары мен ателье, аяқ киім шеберханалары, ұсақ-түйекті жөндеу сервисі және т.б.) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;
4.55. қызмет көрсету саласы объектілерінің (химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз етумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;
4.56. салттық қызметтер көрсету бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс кестесін шектеместен ұйымдастыру;
4.57. компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының жұмысы тек «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, толымдылығы 30% -дан аспайтын, келушілер арасындағы қашықтық 1,5 метрден кем емес немесе 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен қашықтықты қамтамасыз ете отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру. Тек 16 жастағы және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі;
4.58. боулинг-орталықтардың жұмысын тек «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, толымдылығы 30% -дан аспайтын, бір уақытта бір ойын жолында 6 адамнан аспайтын қатысумен жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру. Бұл ретте конкурстарды, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;
4.59. кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың жұмысын тек «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері (обьектілері) үшін, отыратын орындар санынан 30% артық емес толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша екі кресло арқылы және қатарлар арасында шахматтық тәртіппен отырғызумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып, акциялар өткізбей ұйымдастыру;
4.60. бильярд клубтарының жұмысын тек «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, толымдылығы 30% -дан аспайтын, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен қашықтықты қамтамасыз ете отырып, ойын үстелдерін бір-бірінен кемінде 4 м қашықтықта орналастырумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
4.61. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) көрермендердің қатысуынсыз, № 67 ҚР БМСДҚ 44 қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;
4.62. студияларда тікелей эфирдегі телебағдарламаларды жүргізу мен жазу кезінде көрермендердің қатысуына тыйым салу;
4.63. компьютерлік клубтардың, боулинг, кинотеатрлардың, концерт залдарының, театр, цирк, көрмелердің, бильярд, караокенің, кинорумдардың, жанамалы хайуанаттар паркінің, океанариумдердің, батуттардың, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, оның ішінде лотереялар ұтысы, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондары, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті мұз айдындарының жұмыстарына тыйым салу («Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);
4.64. жабық үй-жайлардағы және ашық ауадағы (ашық ауадағы «демалыс күнгі» азық-түлік жәрмеңкелерін қоспағанда) жәрмеңкелердің кез келген түрін өткізуге тыйым салу;
4.65. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, орналасқан жеріне қарамастан, фудкорт, банкет және салтанатты залдардың жұмысына тыйым салу»;
4.66. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде отбасылық, мерейтойлық іс-шараларға, ұжымдық ифтар (ауыз ашар), оның ішінде үйде, форумдар, конференциялар, семинарлар, жиналыстар, тыңдаулар, көрмелер, акциялар, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн форматтан басқа) өткізуге тыйым салу;
4.67. мектеп жанындағы лагерьлердің, жалпы білім беретін мектептер жанындағы қосымша білім беру объектілерінің (үйірмелердің әртүрлі түрлері) қызметіне тыйым салу;
4.68. объектілердің барлық түрлерінің жұмысын ұйымдастыруға «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысындағы объектілердің жұмысына қойылатын талаптар алгоритмі, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысының талаптары қатаң сақталған жағдайда жол беріледі.
5.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;
5.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.
Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Бейсенова