
Жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, қатерлі ісік, созылмалы тыныс алу аурулары мен семіздік бүгінде әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып отыр.
Бұл аурулардың пайда болуына көбіне:
🔹 дұрыс тамақтанбау;
🔹 қозғалыстың аздығы;
🔹 темекі мен алкогольді пайдалану;
🔹 артық салмақ;
🔹 созылмалы күйзеліс әсер етеді.
💚 Денсаулықты сақтаудың қарапайым жолдары:
✔️ дұрыс әрі теңгерімді тамақтану;
✔️ күн сайын белсенді қозғалу;
✔️ зиянды әдеттерден бас тарту;
✔️ дене салмағын бақылау;
✔️ профилактикалық медициналық тексеруден уақтылы өту.
Салауатты өмір салтын бүгіннен бастаңыз! Себебі көптеген инфекциялық емес аурулардың алдын алуға болады.
Денсаулық – ең қымбат байлық. Оны бүгіннен бастап бірге қорғайық!