Аз қимыл – денсаулыққа төнген үнсіз қауіп!

Аз қимыл – денсаулыққа төнген үнсіз қауіп!

Күні бойы компьютер алдында немесе телефонға үңіліп отыру денсаулыққа кері әсер етеді. Ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру жүрек аурулары, семіздік, ІІ типті қант диабеті мен күйзеліс қаупін арттыруы мүмкін.

💡 Денсаулықты сақтаудың қарапайым жолдары:
✅ Әр 30–60 минут сайын орныңыздан тұрыңыз;
✅ Лифттің орнына баспалдақпен жүріңіз;
✅ Күніне 20–30 минут серуендеңіз;
✅ Таңертең жеңіл жаттығу жасаңыз.

Есіңізде болсын, аз ғана қозғалыстың өзі денсаулыққа үлкен пайда әкеледі. Бүгіннен бастап белсенді өмір салтын таңдаңыз! 💚