
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мерекелік жиынды департамент басшысы, Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.У. Сербаев ашты. Өз сөзінде ол санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбектері мен жоғары жауапкершіліктерін ерекше атап өтті.
Салтанатты кеңес барысында салаға сіңірген еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен, сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Марапаттар қызметкерлердің халық денсаулығын қорғау ісіне қосқан елеулі үлесі мен адал еңбегінің нәтижесі ретінде табысталды.
Кеңес барысында департамент басшысының орынбасарлары құттықтау сөз сөйлеп, әріптестеріне зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.
Іс-шараға қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары қатысып, мереке иелеріне жүрекжарды лебіздерін білдірді. Олар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қоғам денсаулығын сақтаудағы маңызды рөлін атап өтіп, сала мамандарына алдағы жұмыстарына толағай табыс пен жетістіктер тіледі.
Мерекелік кеңес жылы және шынайы құттықтауларға толы болып, көтеріңкі көңіл-күйде өтті.