Балалар арасында көз ауруларын алдын алу туралы

Балалар арасында көз ауруларын алдын алу туралы

Көру – адамның негізгі сезім мүшелерінің бірі және өмірдің барлық кезеңдерінде маңызды рөл атқарады. Көру қабілетінің бұзылуы адамның қоршаған ортаны қабылдауын, оқуын, еңбек етуін және әлеуметтік бейімделуін қиындатады.

Ерте жастағы ауыр әрі тұрақты көру бұзылыстары балалардың сөйлеу, эмоционалдық, әлеуметтік және когнитивтік дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Ал мектеп жасындағы балаларда көрудің нашарлауы оқу үлгерімінің төмендеуіне әкеледі.

Көз ауруларының алдын алу мақсатында келесі талаптарды сақтау ұсынылады:

  • Жарықтандыруды қамтамасыз ету: бөлме жеткілікті жарық болуы тиіс, жарық көзі көзге тікелей түспеуі және сол жақтан бағытталуы қажет.
  • Қашықтықты сақтау: көз бен дәптер арасы шамамен 30 см, ал мониторға дейінгі қашықтық кемінде 60 см болуы керек.
  • Дұрыс тамақтану: тағам рационында дәрумендер мен минералдарға бай өнімдер (балық, ет, жаңғақтар, көкөністер, жемістер) болуы тиіс.
  • Белсенді өмір салты: ашық ауада қозғалыс белсенділігі қан айналымын жақсартып, көздің саулығын сақтауға ықпал етеді.