2026 жылғы 17-20 ақпан аралығында Ақтау қаласында «Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындық және әрекет ету» тақырыбында төрт күндік семинар өткізілді.

2026 жылғы 17-20 ақпан аралығында Ақтау қаласында «Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындық және әрекет ету» тақырыбында төрт күндік семинар өткізілді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы мен ICAP, Columbia University Mailman School of Public Health орталығының бірлескен жобасы аясында ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, дағдарыстық жағдайларда жедел басқару дағдыларын жетілдіру және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.

Оқу бағдарламасы төтенше жағдайлар кезіндегі басқару жүйесін жетілдіру, эпидемиологиялық тәсілдер, денсаулық сақтау жүйесінің осалдығын бағалау, өңірлік әрекет ету жоспарларын талдау, Халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды іске асыру, сондай-ақ тәуекел-коммуникация мәселелерін қамтыды.

Семинар жұмысына 30-дан астам маман қатысты. Олардың қатарында денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар, ауыл шаруашылығы салаларының өкілдері, Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары, санитариялық-карантиндік пункттер, обаға қарсы станция, денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ Маңғыстаумұнайгаз кәсіпорнының мамандары болды.

Практикалық бөлім симуляциялық жаттығулар форматында ұйымдастырылып, табиғи апаттардан бастап биологиялық және техногендік қауіптерге дейінгі түрлі сценарийлер пысықталды. Бұл формат қатысушыларға рөлдерді бөлу, тәуекелдерді бағалау және жедел шешім қабылдау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.