Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы М.Сербаев және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Ізбасаровтың қатысуларымен Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 2025 жылғы 26 желтоқсанда аппараттық кеңесі өткізілді.

Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  басшысы М.Сербаев және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Ізбасаровтың қатысуларымен Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 2025 жылғы 26 желтоқсанда аппараттық кеңесі өткізілді.

Кеңесте  «2025 жылдың 12 айының қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы  және профилактикалық екпелермен қамту деңгейі» бойынша Маңғыстау облысының  санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Г.Шорбасова баяндама жасады. Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша емдеу-сауықтыру мекемелерінің басшыларына төмендегідей тапсырмалар берілді:

  • қолда бар ККП вакцинасының көлемін ескере отырып, эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанға дейін эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларды қызылшаға қарсы вакцинация жүргізуді қамтамасыз етуді;
  • 18 жасқа дейінгі балалардың вакцинациялануын тексеру, вакцинацияланбағандарды одан әрі иммундауды;
  • қызылшамен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды анықтауды және тиісті адамдарды 72 сағат ішінде вакцинациялауды қамтамасыз етуді;
  • инфекциялық және балалар стационарларындағы медицина қызметкерлерінің қызылша, қызамық, паротитке қарсы (ККП) егілуіне талдау жүргізіліп, егілмеген немесе егілгені туралы дерегі жоқ қызметкерлердің вакцинациялануын қамтамасыз етуді;
  • инфекциялық стационарларда ауа тамшылары арқылы таралатын инфекциялардың ауруханаішілік таралуын болдырмау мақсатында  пациенттердің циклділігін  қатаң түрде  сақтай отырып, палаталарға   нозологиясына сәйкес  жатқызылуын қамтамасыз етуді;
  • медициналық қарсы көрсетілімдердің негізділігін бағалай отырып, жалған медициналық қарсы көрсетілімдерді анықтауды;
  • вакцинациядан бас тартқан ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді.