Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық тамақтану орындарында тамақтан улану, жаппай ішек ауруларының алдын алу жөнінде кеңес өтті.

Кеңес барысында басқармалар басшыларына бақылау аумағында қажетті профилактикалық іс-шаралар жүргізу тапсырылды.

Сонымен қатар, департамент басшысы Сербаев Мұхтар Ұбайтжановұлы жаңа жыл қарсаңында ұжымға құттықтау сөз сөйлеп, әріптестеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс, алдағы жылға сәттілік пен бірлік тіледі.