Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер

Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер

Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер (ДНЫЕМ) — оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың физикалық, психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға, нығайтуға және дамытуға бағытталған қолайлы жағдайлар жасалатын білім беру ұйымдары.

Негізгі мақсаттары:

  • Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • Аурулардың, зиянды әдеттердің алдын алу;
  • Қауіпсіз, жайлы және қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету;
  • Денсаулық пен тәрбие мәселелерінде отбасы мен қоғамның белсенді қатысуын арттыру.

ДНЫЕМ оқушылардың аурушаңдық деңгейін төмендетуге, оқу үлгерімін арттыруға, психоэмоциялық жағдайын жақсартуға және жалпы өмір сапасын көтеруге ықпал етеді. Мұндай мектептер бүкіл мектеп қауымдастығы үшін денсаулықты қолдайтын орталыққа айналады